Шыңжаңда аймақтық экономикалық ынтымақтастық сұрақтары талқыланды

Шыңжаңда аймақтық экономикалық ынтымақтастық сұрақтары талқыланды

Үрімші, 2025 жылғы 5-6 желтоқсан – Үрімші қ. алғашқы «Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығының (ОАӨЭЫ) Тяньшань форумы» өтті. Қытай Қаржы министрлігі мен ШҰАА Халық үкіметі ОАӨЭЫ Институтымен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға мүше мемлекеттерден, халықаралық қаржы институттардан, талдау орталықтарынан және бизнес-қоғамдастығынан 380-нен астам жоғары лауазымды өкілдер жиналды.

Форумның ашылу салтанатында Қытай Қаржы министрі Лань Фоань, ШҰАА Партия комитетінің хатшысы Чэнь Сяоцзян, Пәкістанның жоспарлау, реформалар және даму министрі Ахсан Иқбал, Моңғолия Қаржы министрлігінің мемлекеттік хатшысы Ганбат Жигжид және АӨДБ Оңтүстік, Орталық және Батыс Азия бойынша вице-президенті Ян Инмин, ОАӨЭЫ Институтының директоры Чарымухаммет Шаллыев құттықтау сөздерін сөйледі.

ҚХР Қаржы министрі Лань Фоань өзінің кіріспе сөзінде ОАӨЭЫ аясындағы ынтымақтастық айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтіп, қатысушы тараптарды белсенді әрекеттесуді жалғастыруға, бірлескен күш-жігермен бағдарламаның мүше елдерінің халықтарына пайда әкелуге шақырды. Ол сондай-ақ экономикалық ынтымақтастықтың өсуімен бекітілген Орталық Азияның халықаралық аренадағы маңыздылығының артып келе жатқанын айта келе, серіктестік ауқымы мен көлемін кеңейту қажеттілігін қолдады.

ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Қуаныш Амантай «ОАӨЭЫ болашағын интеллектуалды инвестициялық шешімдер арқылы қамтамасыз ету» және «Орталық Азиядағы трансшекаралық байланыс бойынша бірлескен зерттеу» тақырыптары бойынша өткен дөңгелек үстелдерге қатысты.

Қазақ дипломаты өз сөзінде Қазақстан Үкіметі елдің экономикалық өсімінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жаңа өсу нүктелерін қалыптастыруға және көлік, энергетика, цифрландыру салаларында шетелдік инвестицияларды тарту арқылы перспективті бағыттарды дамытуға барлық күш-жігерін жұмсап жатқанын атап өтті. 

Анықтама: ОАӨЭЫ бағдарламасы (The Central Asia Regional Economic Cooperation Program) – көлік, энергетика, сауда және басқа да салалардағы өңірлік экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету жолында бірлесіп жұмыс істейтін 11 елдің серіктестігі (Ауғанстан, Әзірбайжан, Қытай, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан).

2024 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша ОАӨЭЫ-пен байланысты 32 жоба шеңберінде Қазақстанға 10 млрд. АҚШ.долл. инвестиция талтылды. Атап айтқанда, оның ішінде шамамен 9,0 млрд. АҚШ долл. (90%) көлік саласындағы 23 жобаға бағытталған.

ОАӨЭЫ Институты (CAREC Institute) - штаб-пәтері 2015 жылдан бастап Үрімжі қ-да орналасқан халықаралық үкіметаралық ұйым.