Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 26-шы отырысында сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 26-шы отырысында сөз сөйледі.

2023 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Ташкентте өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 26-шы отырысына қатысты.

Кездесу барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары ЭЫҰ-мен ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізгі басымдықтары мен ықтимал бағыттары туралы айтып өтті.

ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстан-ЭЫҰ қатынастарындағы кейбір маңызды мәселелерді де атап өтті.

Кеңес сауда, инвестиция, көлік және байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа салалардағы көптеген мәселелерді қарастырды.

Талқылаулардан кейін Кеңес ЭЫҰ Бас хатшысының, Тұрақты өкілдер кеңесінің, Министрлер деңгейіндегі салалық кеңестердің және Мамандандырылған мекемелердің/Өңірлік институттардың/Аффилиирленген органдардың баяндамаларын бекітті.

Сонымен қатар Кеңес Қазақстанның ұсыныстарын қамтитын Ташкент коммюникесін қабылдады.

Отырыстың қорытынды есебінде ЭЫҰ-ның 14-ші саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті ұсынған мүше мемлекеттерді ұйымның негізін қалаушылар мен негізін қаламаушыларға бөлу практикасын тоқтату туралы шешім мақұлданды.

Отырыс барысында ЭЫҰ Бас хатшысының қазіргі орынбасары Жандос Асанов жаңа 3 жылдық мерзімге қайта тағайындалды.

Премьер-Министрдің орынбасары ЭЫҰ Бас хатшысымен және Өзбекстан мен Тәжікстанның Сыртқы істер министрлерімен Кеңестің 26-шы отырысы аясында екіжақты кездесулер өткізді.