Қазақстан ЭЫҰ өңірлік жоспарлау Кеңесінің 33-ші отырысына қатысуда.

Қазақстан ЭЫҰ өңірлік жоспарлау Кеңесінің 33-ші отырысына қатысуда.

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының аймақтық жоспарлау Кеңесінің 33-ші отырысы өз жұмысын 2023 жылдың 16 қаңтарында Тегеранда бастады. Аталған отырыс 2023 жылдың 19 қаңтарына дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасы делегациясының құрамына Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және спорт, Энергетика, Экология және табиғи ресурстар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция министрліктерінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
Кеңес ЭЫҰ жұмыс бағдарламасын және 2023 жылға арналған іс-шаралар күнтізбесін бекітеді.