Тегеранда Каспий теңізі мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті

Тегеранда Каспий теңізі мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті

Ү.ж. 23-24 мамырда Тегеранда Каспий теңізі мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті. Оған Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Түрікменстан және Иран Ислам Республикасының делегациялары қатысты.

Тараптар Каспий теңізіндегі ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, Түркіменстанда өткізу жоспарланып отырған алтыншы Каспий саммитіне дайындыққа байланысты мәселелер қаралды.