ҚР СІМ орынбасары Ә.Тұрсынов бастаған қазақстандық делегация Тегеранда өткен ЭЫҰ мүше-мемлекеттерінің СІМ-лерінің орынбасарлары деңгейіндегі "Брейнсторм" пікір алмасу отырысына қатысты

ҚР СІМ орынбасары Ә.Тұрсынов бастаған қазақстандық делегация Тегеранда өткен ЭЫҰ мүше-мемлекеттерінің СІМ-лерінің орынбасарлары деңгейіндегі "Брейнсторм" пікір алмасу отырысына қатысты
2022 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Қ.Тұрсынов бастаған қазақстандық делегация Тегеранда өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі "Брейнсторм" пікір алмасу отырысына қатысты. Делегация құрамына Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшісі және ЭЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Асхат Оразбай мен ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері кірді.
Отырыстың негізгі мақсаты Ұйым қызметін жандандыру және мүше-мемлекеттердің ықпалдастық қарқынын арттыру болды.
Қазақстан делегациясының жетекшісі ҚР тарапының ұсыныстарын жеткізген баяндамасында Ұйымның тиімділігін арттыруға шақырды.
Іс-шара шеңберінде Ә.Қ.Тұрсынов ЭЫҰ Бас хатшысы Хусрав Нозиримен кездесу өткізді.
Қос тарап Ұйым мен Қазақстан Республикасы арасындағы ағымдағы ынтымақтастық деңгейі мен оны дамыту жолдарын талқылады.