Қазақстан Республикасы делегациясының Тегеранға сапары өтті

Қазақстан Республикасы делегациясының Тегеранға сапары өтті

2022 жылғы 22-23 мамырда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бастаған делегацияның Иранға екі күндік жұмыс сапары өтті.

Сапар барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Cауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың ИИР жоғары лауазымды тұлғаларымен ҚР мен ИИР арасындағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылау мақсатында бірқатар маңызды кездесулері орын алды.

Атап айтқанда, Б.Сұлтанов екіжақты ынтымақтастық дамыту, оның ішінде Қазақстан-Иран сауда-саттығы көлемін ұлғайту мәселелерін талқылау мақсатында ИИР Бірінші Вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесу өткізді.

Сондай-ақ, Б.Сұлтанов бастаған делегация мүшелерінің Иранға сапары барысында ИИР Ауыл шаруашылығы, Мұнай, Көлік және қала құрылысы, Өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі және сауда министрліктерінің, Иранның Орталық Банкісінің, Ұлттық Мұнай компаниясының және Ұлттық Темір жол компаниясының, Иранның Сауда өнеркәсіп палатасының, Қазақстан-Иран бірлескен өнеркәсіп палатасының, сондай-ақ Иранның ірі импорттық және экспорттық, дәнді, майлы дақылдар, транзиттік, порттық, теміржол, логистикалық және басқа да компанияларының басшылықтарымен кездесулері ұймдастырылды.