ҚР-ның Ирандағы Елшісі ИИР Өнеркәсіп, сауда және тау-кен өнеркәсібі министрінің коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасарымен кездесті

ҚР-ның Ирандағы Елшісі ИИР Өнеркәсіп, сауда және тау-кен өнеркәсібі министрінің коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасарымен кездесті

2022 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай Иран Ислам Республикасы Өнеркәсіп, сауда және тау-кен өнеркәсібі министрінің коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары М.С.Мофаттех мырзамен кездесті.
Кездесу барысында тиісті салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың ағымдағы жағдайы мұқият қаралып, Қазақстан-Иран ынтымақтастығын жандандырудың ықтимал жолдары талқыланды.