2022 жылғы 9 ақпанда Бендер-Аббас қаласының мэрімен кездесу өтті

2022 жылғы 9 ақпанда Бендер-Аббас қаласының мэрімен кездесу өтті

2022 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасының Бендер-Аббас қаласындағы консулдығының Басшысы Берік Садықов осы қаланың мэрі Мехди Нобанимен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында Қазақстан мен Иранның өңірлері арасындағы сауда-экономикалық, туризм, мәдени-гуманитаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. 

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді екіжақты байланыстарды нығайту бойынша уағдаласты.