2021 жылдың 22 маусымында ИИР Хормозган провинциясы (ХП) Балық шаруашылығы мекемесінің Басшысы Әбдулрасул Дариаимен кездесу өтті.

Кездесуге Су жәндіктері өндірісі мен экспорты одағының Президенті Мехрдад Базарган, ХП Балық аулау және балық аулау порттары Мекемесі Басшысының орынбасары Ебрахим Ализаде, ХП Теңіз жәндіктерін өсіру шаруашылығы мекемесінің Басшысы Масуд Барани, ХП Балық шаруашылығы мекемесінің қоғаммен байланыс бөлімінің Басшысы Мұстафа Забрия, ХП Балық шаруашылығы және нарықтың дамуы мониторинг тобының Басшысы Хамид Аманизаде және ИИР Сыртқы істер министрлігі Хормозган провинциясындағы Өкілдігінің Экономикалық байланыстар мәселесі бойынша жауапты қызметкері Самира Асади қатысты.

Кездесу барысында екі ел өңірлері арасындағы экономикалық мүмкіндіктер, оның ішінде теңіз өнімдері шаруашылығы, логистика, инвестиция, экспорт тақырыптары қозғалды.

Екі елдің теңіз өнімдері, оның ішінде балық, асшаян, хамса (анчоус), сардина, бекіре және тағы да басқа теңіз жәндіктерін өсіру, өндіру және экспорттау (консервіленген, қақталған, кептірілген түрде, бүтіндей және мүшелеп экспорттау) әлеуеті сөз болды. Осы ретте, екі ел арасында балық шараушылығы мамандарымен (техникалық мамандар мен ғылыми қызметкерлерді) тәжірибе алмасу мүмкіндіктері қарастырылды.

Сондай-ақ, сұхбат барысында үстіміздегі жылы Хормозган провинциясы Губернаторының Маңғыстау облысына сапарын ұйымдастыру мәселесі талқыланды.