2021ж. 8 ақпанында Маңғыстау облысы мен ИИР Хормозган провинцияларының іскер топтары арасындағы бейнеконференция өтті.

2021ж. 8 ақпанында Маңғыстау облысы мен ИИР Хормозган провинцияларының іскер топтары арасындағы бейнеконференция өтті.

2021ж. 8 ақпанында Маңғыстау облысы мен ИИР Хормозган провинцияларының іскер топтары арасындағы бейнеконференция өтті.

Бұл іс-шарада тараптар ауыл шаруашылығы мен жылыжай өндірісі, теңіз шаруашылығы, сондай-ақ логистика мен тасымалдау мәселелерін қарастырды.

Екі елдің іскер топтары арасындағы шараға Қазақстан тарапынан Маңғыстау облысы Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасына жетекшілік ететін Т.Әбдіқадыров пен Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының Басшысы А.Мұстапаев бастаған облыстың әр түрлі салаларының басшылықтары қатысты.

Ал, иран тарапынан  Хормозган провинциясының Сауда, өнеркәсіп, минералды ресурстар және ауыл шаруашылығы палатасының (ХП СӨМРАП) Басшысы Мохаммад Реза Сафа, ИИР Сыртқы істер министрлігінің Хормозган провинциясындағы Өкілдігінің Басшысы С.Шаабан, ИИР Ақтау қаласындағы Бас консулы Х.Мәләкутифар және тағы да бірнеше салалардан жауапты қызметкерлер қатысты.

Бейнеконференция барысында өңірлер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жолдары қарастырылды. Атап айтсақ, Қазақстанның экономикасы, оның ішінде  сыртқы саясаттағы экономикалық басымдықтары туралы әңгімеленді. Елімізге инвестиция тарту мүмкіндіктері шеңберінде Қазақстанның инвестициялық әлеуеті жөнінде жан-жақты баяндалды.

Маңғыстау облысының мүмкіндіктері сөз болып, облыстың түрлы салаларына инвестиция тарту мәселесі қозғалды.