Иранның Сыртқы істер министрлігінің Хормозган провинциясындағы өкілдігінің басшысымен кездесу

Иранның Сыртқы істер министрлігінің Хормозган провинциясындағы өкілдігінің басшысымен кездесу

2026 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасының Бәндәр Аббас қаласындағы (Иран) консулдығының басшысы Д.Дүйсебай Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Хормозган провинциядағы өкілдігінің басшысы  М.Сүлейманимен кездесті.

Жүздесу барысында Қазақстан мен Иран өңірлері арасындағы сауда-экономика, жүк транзиті мен тасымалы және өзге де салалардағы байланыстарды тереңдету мәселелері жөнінде пікір алмасылды.