Хормозган университетінің басшылығымен кездесу

Хормозган университетінің басшылығымен кездесу

2026 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасының Бәндәр Аббас қаласындағы (Иран) консулдығының басшысы Д.Дүйсебай Иранның Хормозган университетінің ректоры доктор М.Мирзадемен, басшылық құрамымен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Иран өңірлері арасындағы ғылым-білім салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.