
2026 жылғы 20 мамырда Қазақстанның Бәндәр Аббастағы (Иран) консулдығының басшысы Д.Дүйсебай Қытайдың осы қаладағы бас консулы Шу Вимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар консулдық, өңіраралық сауда-экономикалық, көлік тасымалы, транзит, инвестициялық және т.б. мәселелерді талқылап, Парсы шығанағы төңірегіндегі қазіргі жағдай жөнінде пікір алмасты.