Иран Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесу

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесу

2026 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Бәндәр Аббас қаласындағы (Иран) консулдығының басшысы Д.Дүйсебай Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрінің консулдық, парламенттік және сырттағы ирандықтар істері жөніндегі орынбасары В.Джәлалзадемен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Иран арасындағы өңіраралық және консулдық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.