
2026 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Бәндәр Аббас қаласындағы (Иран) консулдығының басшысы Д.Дүйсебай Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің осы қаладағы өкілдігінің басшысы Дж.Заманимен кездесті.
Кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция, туризм және өзге де салалардағы өңіраралық ынтымақтастығын нығайту мәселелері бойынша пікір алмасылды.