
2025 жылғы 20 қарашада Қазақстанның Бендер Аббастағы (Иран) консулдығының басшысы Д.Дүйсебайдың Үндістанның осы қаладағы консулдығының басшысы К.Сенгуптамен ізеттілік жүздесуі өтті.
Кездесу барысында Тараптар консулдық, өңіраралық сауда мәселелерін талқылай келе, қос консулдық арасында өзара тұрақты жұмыс байланыстарын орнатып, екіжақты диалог пен практикалық үйлестіруді нығайтуға уағдаласты.