
2025 жылғы 29 қазанда Қазақстанның Бендер-Аббастағы (ИИР) консулдығының басшысы Д.Дүйсебай Иранның Хормозган провинциясының губернаторы М.Ашури Тазианимен кездесті.
Кездесу барысында екі мемлекеттің өңірлері арасындағы сауда-экономика, өнеркәсіп, көлік-логистика, порт ісі, транзит, инвестиция және туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.