«Kaveh» компаниясының директорымен кездесу

«Kaveh» компаниясының директорымен кездесу

2025 жылғы 21 қазанда Қазақстанның Бендер-Аббастағы (Иран) консулдығының басшысы Д.Дүйсебай «Kaveh» порт және теңіз істері жөніндегі компаниясының Хормозган өңіріндегі директоры С.Хашемимен кездесті.

Кездесу барысында «Kaveh» компаниясының әлеуеті, Қазақстан мен Иран порттарындағы жобалары таныстырылып, екі ел компанияларының арасындағы порт, теңізде жүзу, сауда, өндіріс және инвестиция салаларындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.