2025 жылғы 30 сәуірде Бакуда Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен «Патруль. Соңғы бұйрық» атты қазақстандық комедиялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті.
Актерлік құрам мен режиссер Рүстем Омаровтың қатысуымен өткен іс-шараға Әзербайжанның мемлекеттік аппараты мен бизнес-қоғамдастығының өкілдері, шет елдердің дипломаттары, журналистер, киносыншылар, блогерлер мен инфлюенсерлер қатысты.
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел өз сөзінде екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы киноның ерекше рөлін атап өтіп, бірлескен қазақ-әзербайжан кинофильмін түсіру жоспарлары туралы айтты.
Режиссер және фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі Рүстем Омаров ұйымдастырушылар мен жиналған қонақтарға алғысын білдіріп, фильмнің әзербайжандық көрерменге ұнайтынына үміт білдірді.
Танымал әзербайжандық кинорежиссер және сценарист Октай Мир-Касимов комедиялық жанр мен әсерлі, гуманистік сәттердің үйлесімінде көрініс тапқан фильмнің парадокстарын атап өтті.
Қазақстанның Бакудағы Елшілігінің қолдауымен аталған фильм Әзербайжан кинотеатрларында 2025 жылғы 1 мамырдан бастап көрсетілетін болады.