2025 жылғы 29 сәуірде Бакуда Ислам білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ICESCO) аймақтық кеңсесінің ресми ашылуы өтті.
Іс-шараға Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел, Гейдар Әлиев қорының Вице-президенті Лейла Әлиева, Бақу Медиа Орталығының басшысы Арзу Әлиева, ICESCO бас директоры доктор Салим әл-Малик, АР Мәдениет министрі Әділ Керимли, АР Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев, Түркі мәдениеті мен мұра қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова, Тәжікстан, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, және Марокко Елшілері, сондай-ақ өзге де ресми тұлғалар қатысты.
Халықаралық ұйымның Бакудағы өңірлік кеңсесі Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен ынтымақтасатын болады. ICESCO-ның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін ілгерілетумен қатар, Баку кеңсесі қоршаған ортаны қорғау, жасанды интеллектті дамыту, сондай-ақ Ислам әлемінің мұрасы мен өзіндік ерекшелігін сақтау сияқты бағыттарда жұмыс істейтін болады.