Әзербайжан мектеп оқушылары Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлері туралы айтып берді

Әзербайжан мектеп оқушылары Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлері туралы айтып берді

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінің қатысуымен Бакудағы «Evrika» халықаралық лицейінде түркі елдерінің мәдениеттеріне арналған іс-шара өтті.

Іс-шараның басында көрме ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары түркі әлемінің түрлі елдерінің, соның ішінде Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, және Түрікменстанның ұлттық киімдері, тағамдары мен көрме стендтерін паш етті.

Іс-шараның мәжіліс залда өткізілген мәдени бөлігі аясында әр елдің ұлттық билері, сондай-ақ қазақ халық биі көпшілікке ұсынылды.