25.12.2024

25.12.2024

Ақтаудағы ұшақ апаты туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігінің атынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтаймын. Жандары Жәннәтта болсын! Зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тілеймін.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ұшақ апатының себептерін анықтау және бірінші кезектегі көмекті көрсету үшін Үкіметтік комиссия жұмыс істеуде.  Екі елдің құзыретті органдары бірге барлық қажетті шараларды атқаруда. Қазақстанның медициналық мекемелері тиісті жәрдемді көрсетуде. Ақтау қаласының көптеген жанашыр тұрғындары зардап шеккендер үшін қан тапсыруда. Қазақстандықтар Әзербайжанның Елшілігі мен Бас консулдығына гүл шоқтарын апаруда. Қазақстанның Бакудағы Елшілігінде ту төмен түсірілді.

Қазақстан мен Әзербайжан бұл сынақтан бауырластық пен өзара көмек рухында өтетініне сенімдімін. Біз біргеміз...

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел