«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Бас редакторлар клубы, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) Хатшылығымен өзара серіктестік шеңберінде, Қазақстан туралы материалдар жазатын/түсіретін шетелдік журналистерге арналған «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты 8-ші байқауға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.

Едәуір ұзақ тарихқа ие Конкурс аясында, 2014 жылдан бері еліміздің түрлі аспектілерін мейлінше шығармашыл, шынайы және объективті түрде ақпарат беретін шетелдік авторлардың мәтіндік және бейне материалдары іріктеліп келеді. Байқауға БАҚ-та жарияланған материалдардан басқа, блогерлердің әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылған жұмыстары да қатыса алады.

Биыл АӨСШК, негізгі тақырыптан бөлек, конкурс шеңберінде «АӨСШК: Жаңа әлемдегі жаңа Азия» тақырыбындағы жұмысы үшін бір жеңімпаз айқындалатын жаңа номинация ұсынды.

Байқауға Қазақстан туралы шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде 2022 жылғы 15 шілдеден 2023 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде жарияланған ақпараттық материалдар қабылданады.

Байқау жеңімпаздарын құрамына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, «Бас редакторлар клубының» басшысы Бибігүл Жексенбай, «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев және АӨСШК әскери-саяси өлшем сарапшысы Елші Дулат Қуанышев кіретін қазылар алқасы анықтайды.

Байқау қорытындысына сәйкес бес географиялық аймақ бойынша бес жеңімпаз:

         - Солтүстік және Оңтүстік Америка;

         - Еуропа;

         - ТМД;

         - Таяу Шығыс және Африка;

- Азия-Тынық мұхит аймағы және «Kazakh Tourism» мен АӨСШК тақырыптарындағы номинациялар бойынша екі лауреат анықталады.

Жеңімпаздарға қызықты мәдени бағдарламалар ұсынатын Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысына сапар шегу жолдамалары табысталады. 

Сонымен бірге, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, байқау жеңімпаздары үшін мемлекеттік сектор өкілдерімен, сарапшылар және журналистермен, Қазақстанның ғылым және мәдениет қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылатын болады. 

Жұмыстардың барлығы mediacontest2023@mfa.kz электронды поштасына 2023 жылғы 15 шілдеден кешікпей жіберілуі тиіс.

Байқау нәтижелерін 2023 жылдың 1 тамызына дейін жариялау жоспарлануда.

Қосымша ақпарат алу үшін mediacontest2023@mfa.kz поштасына немесе +77172720987 телефонына хабарласуға болады.

Байқауға қатысу ережелері

Өтінім нысаны