Бакуде Физули қаласында орналасқан Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының құрылысы жөніндегі Жол картасына қол қойылды

Бакуде Физули қаласында орналасқан Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының құрылысы жөніндегі Жол картасына қол қойылды

2022 жылғы 4 қарашада Бакуде Физули қаласында орналасқан Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының құрылысы жөніндегі Жол картасына қол қою рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов, Әзербайжан Республикасы Президентінің Қарабақ бойынша Арнайы өкілі Эмин Гусейнов, жоба жетекшісі – «BI-Industrial» компаниясы филиалының директоры Дәулет Жанәбілов және Әзербайжандық мемлекеттік органдардың атынан келген басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар осынау маңызды гуманитарлық жобаны уақтылы және үйлесімді түрде жүзеге асыруға қажетті ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерді талқылады.