Қазақстан Елшілігі «Мир» ХТРК-ның Әзербайжандағы Ұлттық өкілдігі ұжымын 30 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қазақстан Елшілігі «Мир» ХТРК-ның Әзербайжандағы Ұлттық өкілдігі ұжымын 30 жылдық мерейтойымен құттықтады

2022 жылғы 3 қарашада Қазақстанның Бакудегі Елшілігінде екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына әрі «Мир» ХТРК-ның құрылғанына 30 жыл толуына орай, телерадиокомпанияның Әзербайжандағы Ұлттық өкілдігінің шығармашылық ұжымы Алғыс грамоталарымен марапатталды.

Өзінің құттықтау сөзінде Елші Сержан Әбдікәрімов «Мир» ХТРК басшылығы мен ұжымына жоғары кәсіби ақпараттық қызметі, ұзақ жылғы игі еңбегі, ТМД елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосып жүрген елеулі үлесі, сондай-ақ Елшілік қызметі жөнінде хабарлар таратып келе жатқаны үшін алғыс білдірді.

Дипломат Достастық құрамындағы мемлекеттер мен халықтардың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуымен таныстыруға бағытталған ақпараттық-сараптамалық, ғылыми-танымдық, ойын-сауықтық және балаларға арналған бағдарламалардың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Елші бейбіт өмір мен тыныштық адамның ошағы мен отбасына, жүрегіне бақыт әкелетінін атап өтті.

Өз кезегінде «Мир» ХТРК әзербайжандық өкілдігінің директоры Ильгар Пашазаде өз ұжымы атынан Елшілік пен бауырлас қазақ халқының баршасына компания қызметін жоғары бағалағаны үшін алғыс білдірді. Әзербайжанның еңбек сіңірген журналисі «Мир» компаниясын құру жөніндегі бастапқы идеяның иесі ретінде Қазақстан компания жұмысына қажетті қолдаудың барлығын жылдар бойына көрсетіп келе жатқанын еске салды.

Құрмет грамотасымен сондай-ақ бас редактор Нармин Абасова ханым мен оның орынбасары Хаяла Юсибзаде ханым да марапатталды.