«Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

«Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауына  өтінімдер қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Бас редакторлар клубымен және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ-мен серіктестікте Қазақстан туралы материалдарды жазатын/түсіретін шетелдік журналистер үшін «Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» 7-ші байқауына өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурстың әділқазы алқасы 2014 жылдан бастап өз жұмыстарында еліміздің түрлі аспектілері туралы мейлінше шығармашыл, шынайы және объективті түрде жарияланған шетелдік авторларды іріктеп келеді. Байқауға БАҚ-та жарияланған материалдардан басқа, блогерлердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланған жұмыстары да қатыса алады.

Түрлі тақырыптағы жұмыстар бойынша номинациялары бар негізгі конкурстан басқа, биыл «Kazakh Tourism» атынан бөлек номинация ұсынылды, онда туризм тақырыбындағы жұмыс үшін бір жеңімпаз іріктеледі.

Байқауға қатысуға 2021 жылғы 15 шілдеден бастап 2022 жылғы                    15 шілдеге дейін Қазақстан туралы шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттық материалдар қабылданады.

Байқау жеңімпаздарын құрамына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, «Бас редакторлар клубының» басшысы Бібігүл Жексенбай және «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ  Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев кіретін қазылар алқасы анықтайды.

Байқау қорытындысы бойынша бес географиялық аймақтан бес жеңімпаз анықталады:

-   Оңтүстік және Солтүстік Америка;

  • Еуропа;
  • ТМД;
  • Таяу Шығыс және Африка;
  • Азия-Тынық мұхит аймағы

және туризм тақырыбы бойынша номинацияның бір лауреаты іріктеледі.

Жеңімпаздар Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан қалалары мен Бурабай демалыс аймағына бару жүлдесіне ие болады. Сапар барысында мазмұнды мәдени бағдарлама жоспарланған.  

Байқау жеңімпаздарының мемлекеттік сектордың өкілдерімен, сарапшылар және журналистермен, Қазақстанның ғылым және мәдениет қайраткерлерімен кездесулері ұйымдастырылатын болады.  

Барлық жұмыстар 2022 жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей mediacontest@mfa.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.

Байқау нәтижелерін 2022 жылдың 1 тамызына дейін жариялау жоспарлануда.

Сұрақтар мен қосымша ақпарат алу үшін mediacontest@mfa.kz поштасына немесе +77172720987 телефонына хабарласуға болады.

 

«Жаңа Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» байқауның қатысу ережелері

  • Байқауға қатысуға барлық мемлекеттердің азаматтары шақырылады (Қазақстан азаматтарынан басқа);
  • Конкурсқа шетелдік баспа, электронды және онлайн БАҚ-тың штаттық және штаттан тыс қызметкерлері және блогерлер қатыса алады;
  • Байқауға шетелдік БАҚ-та немесе әлеуметтік желілерде 2021 жылдың 15 шілдесінен 2022 жылдың 15 шілдесіне дейін жарияланған 300-ден 3000-ға дейінгі  сөзден тұратын ақпараттық материал / ұзақтығы 2-ден 60 минутқа дейінгі телевизиялық немесе радио репортаж, подкаст, әлеуметтік желідегі жарияланымдар қатыса алады;
  • Егер ақпараттық материалдың тілі қазақ, орыс немесе ағылшын тілі болмаса, оның аталған тілдерге аудармасын қоса тіркеу қажет;
  • Толтырылған өтінімдерді жарияланған материалмен және оның аудармасымен мына электронды поштаға жіберу қажет: mediacontest@mfa.kz;
  • Материалдардың тақырыбы Қазақстанға қатысты бір немесе келесі  салалардың бірнешеуін қамтуы тиіс: экономика және сауда, мәдениет және дәстүр, тарих, туризм, заманауи қоғам, білім және ғылым, спорт;
  • Барлық материалдарды 2022 жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей жіберу қажет;
  • Әділқазылар төмендегі аймақтардан 5 жеңімпазды таңдап алады:
  • Оңтүстік және Солтүстік Америкадан;
  • Еуропадан;
  • ТМД елдерінен;
  • Таяу Шығыс пен Африкадан;
  • Азия-Тынық мұхит аймығынан;
  • Туризм бойынша жеке санаттағы 1 жеңімпаз кез келген өңірден таңдалады;
  • Конкурс қорытындысын 2022 жылдың 1 тамызына дейін жариялау жоспарланған;
  • Жеңімпаздар Қазақстанға сапарменмарапатталады. Ұйымдастырушылар эконом-класпен ұшу, қонақүйде тұру, жергілікті көлік және Қазақстандағы мәдени бағдарлама шығындарын, сондай-ақ тәуліктік шығынның шағын сомасын өтейді.

Өтінім нысаны

 

 

Аты

 

 

 

 

Тегі

 

 

 

Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

 

 

 

Жынысы

 

 

 

Туған жылы, айы, күні

 

 

 

 

Азаматтығы

 

 

 

 

Тұрып жатқан мемлекеті, қаласы

 

 

 

 

БАҚ штаттық /штаттан тыс қызметкері

 

 

 

 

 

Материалы жарияланған БАҚ атауы

 

 

 

Аккаунттың атауы және әлеуметтік желідегі аккаунтқа сілтеме

 

 

 

Материалға сілтеме және оның толық мәтіні (тіркеу)

 

 

 

Материалдың жазылған тілі

 

 

 

Қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы (тіркеу)