Қазақстан Елшілігі «Қарабаққа кітаппен барайық» деген акцияға қосылды

Қазақстан Елшілігі  «Қарабаққа кітаппен барайық» деген акцияға қосылды

Баку, 2022 жылғы 6 сәуір - Қазақстанның Бакудағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов М.Ф.Ахундов атындағы Әзербайжанның ұлттық кітапханасына Қарабақтың кітапханаларына жіберілетін кітаптарды тапсыру рәсіміне қатысты.

Елдің және өңірдің көне кітапханасының қорына 500-ден астам басылымды беру Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толу белгісімен өтті.

Берілген кітаптардың ішінде бірқатар тарихи, көркем, ғылыми және танымдық әдебиеттер, сондай-ақ қазақ прозасы мен поэзиясының антологиясы бар. Елшілік басып шығарған және әзербайжан тіліне аударған қазақ жазушыларының еңбектері, атап айтқанда «Қазақ хандығы: бастаулары, дәстүрлері мен мұралары» атты, «Алаш Орда» ғылыми мақалалар жинағы», «Қобыланды батыр» қазақ халықтық-батырлық эпосы, Н.Мамедова-Тагисойдың «Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы: дәстүрден жаңашылдыққа», Роллан Сейсенбаевтің «Әлем құлаған күн» және басқалар.

Салтанатта сөз сөйлеген дипломат өзара кітап алмасу, қазақ және әзербайжан әдебиеті орталықтарының ашылуы - біздің халқымыз бен жаңа ұрпақтарымызға ортақ тарихи, мәдени және тілдік тамырлар, көпғасырлық достық пен рухани бірлік туралы баспа басылымдары арқылы баяндаудың тамаша мүмкіндігі екенін атап өтті. Елші сыйға берілген кітаптар бауырлас екі халықтың мәдени және білім беру жағынан өзара байытылуына және Қарабақ кітапханаларының жандануына ықпал ететініне сенім білдірді.

Ұлттық кітапхананың директоры Керим Тахиров акцияға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, жыл сайын көптеген кітаптар, мақалалар, жинақтар жастардың мұрасына берілетінін атап өтті: «Бұл кітаптар болашақ ұрпақ үшін маңызды. Әрине, қазақ жазушыларының әзербайжан тіліндегі кітаптары Қарабақ кітапханаларының қорын байыта түседі» - деп мәлімдеді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын, тәжірибе алмасу және өзара ақпараттық қолдау көрсету мақсатында алдағы іс-шаралар мен кітап көрмелері мәселелерін талқылады.