Қазақстан Елшісі Түркі мәдениеті мен мұрасының халықаралық қорындағы түркі халықтарының ертегілері енген «Türk dünyasının göy qurşağı» («Түркі әлемінің кемпірқосағы») кітабының тұсаукесеріне қатысты

Қазақстан Елшісі Түркі мәдениеті мен мұрасының халықаралық қорындағы түркі халықтарының ертегілері енген «Türk dünyasının göy qurşağı» («Түркі әлемінің кемпірқосағы») кітабының тұсаукесеріне қатысты

Іс-шараға дипломатиялық миссиялардың өкілдері, шығармашылық интеллигенция және жастар қатысты. Қорға қатысушы елдер мен бақылаушы мемлекеттер - Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Венгрия, Өзбекстан және Түркіменстан халықтарының ертегілері кітапқа енген.

Қор президенті Гүнай Эфендиева "Түркі әлемінің кемпірқосағы" кітабының атауы кездейсоқ таңдалмағанын және аспан кемпірқосағы біріккен түркі әлемінің алуан түрлілігі мен әсем әлемін бейнелейтінін атап өтті.

"Бұл кітапта біздің түркі мұрамыз бейнеленген, әрбір әңгіме мейірімділік, құрмет, бірлік туралы баяндайды, ата - бабаларымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін ашып көрсетеді", - деп атап өтті қор президенті.

Гюнай Эфендиева сондай-ақ өзіндік алуан түрлілігі мен байлығы бойынша таусылмайтын түркі мәдени мұрасын зерделеу, сақтау, ілгерілету, насихаттау, ата-бабаларымыздың ұлы рухани мұрасына ұқыпты қарау, әлемдік қоғамдастықты түркі әлемінің мәдени құндылықтарымен таныстырудан тұратын Түркі мәдениеті мен мұрасының халықаралық қоры миссиясының маңыздылығына назар аударды.

Әр ертегіге арналып салынған суреттердің авторы жас Әзербайжан суретшісі Марьям Гулузаде болды. Тұсаукесерде Баку қаласының №3 балалар шығармашылығын дамыту орталығының тәрбиеленушілері ертегі кейіпкерлерімен және халықтардың ұлттық билерімен қойылым көрсетті. Қатысушылар сертификаттармен марапатталды.