Қазақстан Елшілігінің Бакудағы халықаралық мәдениеттер фестиваліне қатысты

Қазақстан Елшілігінің Бакудағы халықаралық мәдениеттер фестиваліне қатысты

2021 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Елшілігі Әзербайжан дипломатиялық академиясында өткен IX Халықаралық мәдениеттер фестиваліне қатысты, оның мақсаты әлем халықтарының салт-дәстүрлерімен және мәдениеттерімен таныстыру, халықаралық диалогқа жағдай жасау.

Елшілік өзінің ұлттық стендін, кітаптарды, журналдарды, фотосуреттерді, Қазақстан туралы брошюраларды, кәдесыйлар мен ыдыс-аяқтарды, сондай-ақ қазақ ұлттық тағамдарын ұсынды.