Қазақстан-Әзербайжан: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Қазақстан-Әзербайжан: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

Баку, 2021 жылғы 3 наурыз – Қазақстанның Бакудегі Елшілігінде «Қазақстан-Әзербайжан: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» атты іскерлік кездесу өтті. Оның шеңберінде екі елдің қазіргі заманғы экономикалық басымдықтары, сауда-экономикалық, энергетикалық, транзиттік-көліктік және ауыл шаруашылық салаларындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен пандемиядан кейінгі кезеңде даму перспективалары талқыланды.

Іс-шараға ТРАСЕКА ҮАК-тың Бас хатшысы Әсет Асавбаев, «Баку халықаралық теңіз сауда порты» ЖАҚ-тың Бас директоры Талех Зиядов, ӘР Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі агенттігінің Басқарма төрағасы Орхан Мамедов, Экспорт және инвестицияларды ынталандыру әзербайжандық қорының (AZPROMO), Әзербайжандағы «Қазақстанның сауда үйінің», ҚР-дағы «Әзербайжанның сауда үйінің» басшылығы, екі елдің мемлекеттік секторының, іскерлік топтарының және ұлттық компанияларының өкілдері қатысты.

Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов кездесуді аша отырып, ел Үкіметінің дағдарысқа қарсы шаралары, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, әділ қоғам мен тиімді мемлекет құруға бағытталған ҚР қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының мазмұны туралы толықтай ақпараттандырды. Шағын және орта бизнесті қолдау, Салық кодексін қайта қарастыру, мемлекеттік активтерді жекешелендіру, өнеркәсіп пен іскерлік белсенділікті ынталандыру бойынша шараларына ерекше назар аударылды. Пандемия және карантиндік шектеулер жағдайында Әзербайжанмен екіжақты тауар айналымының төмендеуін ескере отырып, оны ұлғайту, бір-бірінің нарықтарына жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту үшін қолда бар барлық тетіктерді пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді. ҚР Елшісі Қарабақ төңірегіндегі жағдайдың тұрақтануы Оңтүстік Кавказ бен Түркияның Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен неғұрлым ауқымды трансөңірлік интеграциясына, екі елдің Каспий порттық инфрақұрылымының өсіп келе жатқан әлеуетін ашуға, қазақстандық компаниялардың Әзербайжанның босатылған аумақтарын қалпына келтіруге қатысуға жаңа жағдайларды жасайтынын атап өтті.

ТРАСЕКА-ның Бас хатшысы Әсет Асавбаев Әзербайжан мен Қазақстанның ТРАСЕКА-ның заманауи транзиттік-көліктік инфрақұрылымын құрудағы күш-жігерлерін жоғары бағалап, пандемия жағдайында дәліздің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық технологияларды енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы таныстырып өтті.

Баку теңіз портының басшысы Талех Зиядов Қазақстан мен Әзербайжан теңіз порттарының қызметін одан әрі үйлестіру, Алят (Баку) портының транзиттік әлеуетін модернизациялау және арттыру шаралары туралы өз сөз сөйлеуінде айтты.

ӘР Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігінің Басқарма төрағасы Орхан Мамедов іскер топтар арасындағы ынтымақтастықтың перспективалары туралы айта келе, әзербайжандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктері және пандемиядан кейінгі кезеңде елде отандық және шетелдік бизнесті жүргізілуін жеңілдетуге бағытталған жобалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол екі елдің ШОБ саласындағы ынтымақтастығы Қазақстан мен Әзербайжан нарықтарында экспорттық өнімді ілгерілетуге, бірлескен бизнес және инвестициялық жобаларды іске асыруға, тауар айналымын арттыруға қосымша мүмкіндіктерді ашатынын атап өтті.  О.Мамедов қазақстандық бизнестің Әзербайжанның оккупациядан босатылған аумақтарын қалпына келтіру процесінде қатысуға дайындығын құптады.

Әзербайжандағы «Қазақстанның сауда үйінің» қызметімен таныстыра отырып, оның құрылтайшысы Руфат Рзаев екі елдің бизнес өкілдері арасында тығыз іскерлік байланыстарды орнату қажеттілігіне аса назар аударып, Әзербайжан нарығында өз орнын таба алатын қазақстандық тауарлардың жоғары сапасын атап өтті. Сонымен бірге, ол тікелей әуе рейстері қайта ашылғаннан кейін Бакуде тауарлар көрмесін өткізу үшін қазақстандық сауда миссиясын ұйымдастыру бойынша жоспарлар туралы айтып берді.

Кездесуге қатысқан қазақстандық кәсіпкерлер Әзербайжанда бизнесті жүргізу жағдайын оң бағалап, екі елдің іскер топтары арасындағы өзара тиімді кооперацияны кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Олар «Қазақстан-Әзербайжан іскерлік кеңесін» құрылуы тауар айналымы мен өзара инвестицияларды ұлғайту, практикалық және проблемалық мәселелерді шешу үшін кәсіпкерлердің күш-жігерлерін біріктіретінін пікір білдірді. Сондай-ақ, кәсіпкерлер жаңа бизнес-жобаларды, соның ішінде Әзербайжанның босатылған аумақтарында іске асыруға қызығушылық танытты.

Іс-шара соңында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту үшін жаңа перспективалары мен мүмкіндіктер туралы жан-жақты пікір алмасу болды.