Қазақстандық спортшылар Асу Алмабаев пен Бекзат Алмахан бапкерлер құрамымен және басқа да файтерлермен бірге Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде болды. 2026 жылғы 27 маусымда қазақстандық спортшылар Бакуда өтетін UFC Fight Night турнирінде өнер көрсетеді.
Команда бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізу және алдағы жекпе-жектерге дайындалу мақсатында Әзербайжанға алдын ала келді.
Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел файтерлер мен олардың бапкерлерін қарсы алып, алдағы жекпе-жектерде сәттілік тіледі. Дипломат олардың халықаралық аренада Қазақстанның абыройын лайықты түрде қорғайтынына сенім білдірді.
Спортшылар жекпе-жектерге дайындық барысы және қазақстандық спортшылардың аралас жекпе-жек бойынша ең ірі турнирлердің біріне қатысуының маңызы туралы айтып берді.