Бакуда ТМҰ мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері кеңесінің екінші отырысы өтті

Бакуда ТМҰ мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері кеңесінің екінші отырысы өтті

2026 жылғы 4 маусымда Бакуда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері кеңесінің екінші отырысы сәтті өтті.

Отырысқа жоғары лауазымды өкілдер қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлім Байел, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өмуралиев, Әзербайжан Республикасы Орталық банкінің төрағасы Талех Казымов, Қырғыз Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Алмаз Бакетаев, Түркия Республикасы Орталық банкінің төрағасы Фатих Карахан, Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің төрағасы Тимур Ишметов, Венгрия Орталық банкінің төрағасы Михай Варгу және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Орталық банкінің төрағасы Рифат Гюнай болды.

Елші Әлім Байел Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменовтің атынан отырысқа қатысушыларды құттықтап, түркі мемлекеттерінің орталық банк саласындағы ынтымақтастығын жоғары бағалады. Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері Кеңеске елдің бас ақша-кредит органының ағымдағы қызметі туралы ақпарат берді.