Қазақстан азаматтары Бакуда белсенді дауыс беруде

Қазақстан азаматтары Бакуда белсенді дауыс беруде

Бакудағы Қазақстан Елшілігі жанындағы учаскеде жаңа Конституция бойынша референдум аясында дауыс беру белсенді түрде өтіп жатыр. Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-дегі жағдайға сәйкес, тіркелген 200 сайлаушының 162-і дауыс берген.

Азаматтық борышын орындауға Әзербайжанның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер, халықаралық ұйымдар мен мен Қазақстан компанияларының Әзербайжандағы филиалдарының қызметкерлері, туристер, сондай-ақ халықаралық STEM олимпиадасына қатысу үшін Бакуға келген қазақстандық оқушылардың ата-аналары мен мұғалімдері келді. Бастауыш сынып оқушыларынан құралған қазақстандық топ командалық есепте бірінші орынды иеленді.

Учаскелік сайлау комиссиясы туған күндері референдум күнімен тұспа-тұс келген екі азаматымызды құттықтады. Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел дауыс берудің Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқанының символдық мәнін атап өтті. Наурыз – қазақ және әзербайжан халықтары үшін жаңарудың жаршысы саналатын маңызды мереке.

Елшілік жанындағы сайлау учаскесі Баку уақыты бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.