Қазақстан мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Әзербайжан тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесті.

Әзербайжан Сыртқы істер министрі әріптесін жаңа лауазымына тағайындалуымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде Е.Көшербаев жылы лебізі үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында одан әрі дамитынына сенім білдірді.

Сұхбат барысында екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелер мен перспективалар талқыланды. Негізгі назар саяси диалогты нығайтуға және экономикалық байланыстарды кеңейтуге аударылды. Сондай-ақ биік және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бұдан бөлек, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарды теңестіріп», көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға бейілділігін растады.