Назарбаев Университеті Әзербайжанмен ынтымақтастықты дамытуда

Назарбаев Университеті Әзербайжанмен ынтымақтастықты дамытуда

Назарбаев Университетінің Президенті Вакар Ахмад Әзербайжандағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды.

Елші Әлім Байелмен сұхбат барысында В. Ахмад қазіргі уақытта Назарбаев Университетінде шамамен 400 шетелдік білімгер оқып жатқанын және олардың санын одан әрі арттыру, сондай-ақ университеттің әлемдік рейтингтердегі орнын жоғарылату жоспарлары туралы айтты.

Әлім Байел Назарбаев Университеті мен Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орны – АДА Университеті арасында жасанды интеллект және түркі зерттеулері салаларында ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныс айтты. Елші осы бағыттар бойынша бірлескен магистратура бағдарламаларын құру бастамасын көтерді.

Вакар Ахмад соңғы кезеңде Назарбаев Университетінің 15 жылдығына орай 20 халықаралық конференция өткізілгенін атап өтті. Ол Назарбаев Университеті Гонконг ғылым және технологиялар университеті (HKUST) және SOAS Лондон университетімен бірлескен бағдарламаларды іске қосуға дайын екенін хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы жоғары білім мен ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзге де мәселелері талқыланды.