Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігінде салтанатты неке қию рәсімі өтті. «BI Group» компаниясының Әзербайжандағы филиалының қызметкерлері Айбар Забикулин мен Индира Жеңісова ресми некелерін Елшілікте қиюды ұйғарды.
Бұл ерекше салтанат пен жас жұбайлардың өміріндегі маңызды оқиғаға орай, неке қию туралы куәлікті оларға Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Бәйел табыстады. Ол әр жаңа отаудың құрылуының Қазақстан үшін үлкен қуаныш екенін атап өтіп, жас жұбайларға бақыт, өзара түсіністік пен табыс тіледі.
Елші сондай-ақ Бакуда тұрып жатқан «BI Group» компаниясының қызметкері Дәулет Жанәбіловқа дүниеге келген перзентінің Ешілікте тіркелген туу туралы куәлігін табыстады.