Бакуда Қазақстан киносы айы өтуде

Бакуда Қазақстан киносы айы өтуде

Қазақстан киноөнеріне арналған ай Айдын Сахаманның аңызға айналған «Дос-Мұқасан» музыкалық ансамблі туралы фильмімен Бакуда ашылды. Көрсетілім ашық аспан астындағы кинотеатр форматында өтті. Кеш аясында талантты әзербайжандық музыканттар мен әншілердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел, зиялы қауым, дипломатиялық корпус, БАҚ өкілдері, Баку қаласында тұратын қазақстандықтар мен киносүйер қауым қатысты.

Киномарафон аясында басқа да фильмдердің көрсетілімі жоспарланып отыр.