Меню
Страницы

Абик Жексен мен ManEl-дің концерті

Абик Жексен мен ManEl-дің концерті

2025 жылғы 30 қарашада сағат 15:00-де қазақтың дарынды музыкант-композиторы Абик Жексен Баку қаласындағы Үзейір Хажыбейлі атындағы Әзербайжанның мемлекеттік музыка академиясында кештің арнайы қонағы – қазақ-әзербайжан әншісі ManEl-мен бірге өнер көрсетеді.

Абик Жексен қазақ эстрадасының жетекші әртістеріне арнап гитара партияларын жазуда. Ол Димаш Құдайберген, Сәкен Майғазиев, МузАрт, Әли Оқапов, Кентал, Төреғали Төреәлі, Нұржан Керменбаев секілді орындаушылармен жұмыс істейді.

Чайковский атындағы музыкалық колледжінде (Алматы қ.) және Баку музыка академиясында білім алған жас әнші әрі әндер авторы ManEl (Көнүл Мамедова) «Әзербайжан дауысы» және «Баку күзі» жобаларындағы өнерімен тaнымал.

Концерт бағдарламасында қазақ, әзербайжан, ағылшын және орыс тілдеріндегі әндер бар.

Билеттерді iTicket.az сайтынан сатып алуға болады: https://iticket.az/ru/events/concerts/abik-jeksen-and-manel-/174261.

Социальные медиа
Instagram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Мемлекеттік рәміздері