Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Екіжақты қарым-қатынастар

Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасымен ынтымақтастығы

 

Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 тамызда орнатылды. 1994 жылы 16 желтоқсанда Баку қаласында Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшілігі ашылды. 2004 жылғы наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласында Әзербайжанның Қазақстандағы Елшілігі, 2008 жылғы қыркүйектен бастап – Әзербайжанның Ақтау қаласындағы Бас Консулдығы жұмыс істейді. 2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов болып табылады. 2016 жылғы 15 наурыздан бастап Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Маммадов Рашад Эйнаддин оглу болып табылады.

Екіжақты шарттық-құқықтық базада ынтымақтастықтың барлық саласында 70-ке жуық құжат бар.

Қазақстан-Әзербайжан қарым - қатынастары Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың 2005 жылғы мамырдағы Бакуға ресми сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған Стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастар туралы шартқа сәйкес дамуда.

Көпжақты форматта тараптар халықаралық және өңірлік ұйымдар (БҰҰ, ТМД, ИЫҰ, ТМЫК, АӨСШК, ЕҚЫҰ, ЭЫҰ және т.б.) шеңберінде белсенді өзара іс-қимыл жасайды.

 

Жоғары деңгейдегі сапарлар:

 

2011 жылғы 19-21 қазанда Әзербайжан Республикасының Президенті И.Алиевтің Қазақстанға ресми сапары өтті, оның аясында Әзербайжан басшысы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің І-ші саммитіне қатысты.

2017 жылғы 2-3 сәуірде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Әзербайжан Республикасына ресми сапары өтті.

2017 жылғы 9-10 қыркүйекте ӘР Президенті И.Алиев ИЫҰ-ның Ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитіне қатысу үшін ҚР-на жұмыс сапарымен барды.

2018 жылғы 12 тамызда ӘР Президенті И.Алиев Каспий маңы мемлекеттерінің V саммитіне қатысу үшін ҚР-на (Ақтау қ.) жұмыс сапарымен барды.

2019 жылғы 14-15 қазанда – Елбасы Н.Назарбаев Түркі кеңесінің 7-ші мерейтойлық саммитіне (ТМЫК) қатысу үшін ӘР-на сапарын жүзеге асырды. 

Парламентаралық ынтымақтастық

Парламентаралық байланыстар жүйелі түрде дамып келеді. Екі елдің заң шығарушы органдарының делегацияларымен тұрақты алмасу жүріп жатыр.

2018 жылдың 13-15 желтоқсанда Бакуда ҚР Парламенті Мәжілісінің делегациясы жас парламентшілердің V Дүниежүзілік конференциясына қатысты.

2019 жылғы 18 сәуірде Санкт-Петербургте ТМД ПАА Кеңесі отырысының аясында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Д.Назарбаеваның Милли Меджлис төрағасы О.Асадовпен кездесуі өтті.

2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Милли Меджлис төрағасы О.Асадов Нұр-Сұлтан қаласында өткен Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-ші форумына қатысты.

2019 жылғы 27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Милли Меджлис депутаттары А.Әлиев пен Н.Хамзаев ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық парламенттік конференцияға қатысты.

2019 жылғы 17-18 желтоқсан – ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулин бастаған ҚР парламенттік делегациясының ТүркПА-ның 9-шы отырысына қатысу үшін жұмыс сапары.

 

Үкіметаралық деңгейде

2019 жылғы 16-18 наурыз – ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаевтың ОПЕК елдері мен картельге кірмейтін елдер министрлерінің бірлескен мониторингтік комитетінің 13-ші отырысына қатысу үшін Баку қаласына жұмыс сапары. Сапар аясында Қ.Бозымбаев ӘР және РФ Энергетика министрлері П.Шахбазовпен және А.Новакпен, сондай–ақ бірлескен мониторинг комитетінің төрағасы-Сауд Арабиясының Энергетика, өнеркәсіп және табиғи ресурстар министрі Халид әл-Фалихпен екіжақты кездесулер өткізді.

2019 жылғы 1-3 сәуір – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұмағалиевтің Әзербайжанға сапары.

2019 жылғы 2-4 шілде – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г.Әбдіқалықованың ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра комитетінің 43-ші сессиясына қатысу үшін Баку қаласына жұмыс сапары. Сапар аясында ӘР Премьер-Министрі Н.Мамедовпен, ӘР Мәдениет министрі А.Гараевпен және Әзербайжан шығармашылық интеллигенциясының көрнекті өкілдерімен екіжақты кездесулер өтті.

2019 жылғы 5-6 қыркүйек – ҚР ҰҚК Төрағасы Қ.Мәсімовтің Түркітілдес мемлекеттердің арнайы қызметтері конференциясының XXII отырысына қатысу үшін Бакуға жұмыс сапары.

2019 жылғы 8-9 қазан – ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаевтың сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Әзербайжан ҮАК 16-шы отырысына қатысу үшін Әзербайжанға жұмыс сапары.

2019 жылғы 14 қазанда Бакуда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев Мемлекет басшылары деңгейінде ТМЫК 7-ші мерейтойлық саммиті аясында ұйымдастырылған Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің бизнес-форумына қатысты.

2019 жылғы 12-14 қазан – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі А.Сарбасовтың ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік комитетінің 32-ші отырысына қатысу үшін жұмыс сапары.

2019 жылғы 14-15 қазан – ҚР Ішкі істер министрі генерал-лейтенант Е.Тұрғымбаевтың ресми сапары барысында АР ішкі істер министрі генерал-полковник В. Эйвазовпен, АР мемлекеттік көші-қон қызметінің бастығы В.Гусейновпен екіжақты кездесулер өтті. Сондай-ақ сапар аясында 2 үкіметаралық келісімге қол қойылды (көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы, өзара визасыз сапарлар туралы).

2019 жылғы 29-30 қазан – ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н.Ермекбаевтың ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Әзербайжанға сапары.

2019 жылғы 15-16 қараша – ҚР Энергетика министрі П.Шахбазовтың тұрақты даму мақсаттары бойынша І-ші өңірлік саммитке қатысу үшін ҚР-на сапары.

2019 жылғы 19 қараша – Премьер-Министр А.Асадовтың Қазақстанға (Ақтау қ.) алғашқы жұмыс сапары, оның шеңберінде Қазақстан-Әзербайжан бағыты бойынша Каспий теңізінің түбі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) жобасының құрылысын бастау рәсіміне олардың бірлесіп қатысуын қоса алғанда, ҚР Премьер – Министрі А.Маминмен екіжақты кездесу өтті.

2019 жылғы 22-25 қазан – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Ашықбаевтың қосылмау қозғалысына мүше мемлекеттердің СІМ басшыларының кездесуіне және қосылмау қозғалысына мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының XVIII саммитіне қатысу үшін Баку қаласына жұмыс сапары.

2019 жылғы 25-27 қараша – ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Ж.Асановтың Бакуға жұмыс сапары аясында ӘР Жоғарғы Сотының Төрағасы Р.Рзаевпен және Милли Меджлис құқықтық саясат және мемлекеттік құрылыс комитетінің төрағасы А.Гусейнлимен екіжақты кездесулер өтті.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары