Афина, 2025 жылғы 23 сәуір – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекия Премьер-министрінің Дипломатиялық кеңсесінің директоры Иоаннис-Мильтиадис Николаидиспен Афина қаласында кездесті.
Әңгіме барысында 2024 жылғы қарашада Бакуде өткен COP-29 климаттық саммиті аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грек Республикасының Премьер-министрі Кириакос Мицотакис арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған саяси курс шеңберінде бірлескен бастамаларды дәйекті ілгерілетудің маңыздылығы атап өтілді.
Тараптар Астана мен Афина арасындағы жоғары деңгейдегі саяси сенімді растады және үкіметаралық, ведомствоаралық өзара іс-қимылды кеңейте отырып, екіжақты диалогты жандандыруға өзара мүдделілік білдірді. Сондай-ақ, жаһандық сын-қатерлер контексінде ортақ қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша халықаралық және өңірлік алаңдардағы күш-жігерді үйлестіру әлеуеті жеке атап өтілді.
Саяси құрамдас бөлікпен қатар, кездесу барысында сауда-экономикалық және көлік-логистикалық салалардағы бірлескен жобаларды іске асырудың елеулі әлеуеті атап өтілді. Осындай аяда грек бизнесін Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға тарту, Грекияның порттық-теңіз инфрақұрылымын пайдаланып қазақстандық өнімді экспорттау мүмкіндіктері, сондай-ақ іскерлік байланыстарды арттырудың маңызды қадамы ретінде грек компанияларының Қазақстанға бизнес-миссиясын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Тараптар тұрақты диалогты сақтау қажеттілігімен келісті және талқыланған бастамаларды іске асыру Қазақстан мен Грекия арасындағы достық әрі өзара тиімді қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.