Қазақстан мен Грекияның талдау орталықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Грекияның талдау орталықтары  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Афина, 2024 жылғы 16 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма Төрағасы, Елші Болат Нұрғалиев пен Грекияның Халықаралық экономикалық қатынастар институтының Директоры Хараламбос Тсарданидис Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Екі елдің ғылыми-зерттеу институттары ақпарат алмасу, жобалар мен ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тұрақты жұмыс байланыстарын орнату арқылы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға келісті.

Меморандумға ресми қол қою рәсімінде сөз сөйлеген ҚР-дың Грекиядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың қазақстандық қоғамның әл-ауқатының жақсаруына ықпалын ерекше атай отырып, жиналғандарды Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалармен таныстырды.

Грецияның жауапкершілігі шектеулі серіктестік мен кәсіпкерлік қауымдастығының Президенті Симос Анастасопулос Грекияның бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңесінің төрағасы ретінде елге сапар жасау  барысында Қазақстанның экономикалық дамуына таңданғанын және екі елдің талдау орталықтарының ынтымақтастығы екіжақты қатынастарды тереңдетудің жаңа тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Іс-шара аясында Елші Б.Нұрғалиев сарапшылық қоғамдастығы, кәсіпкерлер мен дипломатиялық корпус өкілдерінен құралған аудиторияға «Жаңа геосаяси ахуалдағы Орталық Азия және Еуропалық Одақ» тақырыбы бойынша лекция оқыды.

Анықтама: Халықаралық экономикалық зерттеулер институты 1993 жылғы ақпанда Грекияның жауапкершілігі шектеулі серіктестік мен кәсіпкерлік қауымдастығымен құрылған. Институт халықаралық күн тәртібіндегі және халықаралық экономикалық қатынастардағы ең маңызды қазіргі заманғы мәселелері бойынша зерттеулер жүргізеді.