ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ХХІ ОТЫРЫСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ХХІ ОТЫРЫСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Құрметті журналистер! 

2023 жылғы 11 қазанда Астана қаласы, Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы – Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XXI Хатшылығының отырысы өтеді.

Хатшылық отырысы аясында VIІ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезінің қорытындыларыбойынша пікір алмасу, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын талқылау жоспарлануда.

ХХІ Съезд Хатшылығының жұмысына Египет, Әзірбайжан, Пәкістан, Иран, Тәжікістан, Израиль, Қытай, Моңғолия, Жапония, Үндістан және т.б. елдерден ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм өкілдері қатысады деп күтілеуде.

Өтетін күні: 11 қазан 2023 жыл.

Өтетін орны: Бейбітшілік және келісім сарайы, 5 қабат, баспасөз-орталығы.

Іс-шараның басталуы: сағат 09.00.

 

Деректі фильм: https://goo.su/5ztnp