Қазақстан СІМ-де Дүниежүзілік банкпен өзара әрекеттестіктің мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де Дүниежүзілік банкпен өзара әрекеттестіктің мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 11 ақпаны – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Дүниежүзілік банктің Өңірлік директоры Лилия Бурунчукті және Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартоны қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары талқыланып, сондай-ақ қазақстандық экономиканың басым секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған  «реформалар матрицасын» әзірлеуді аяқтау мәселелері қарастырылды.

Министр сұхбаттастарын коронавирус пандемиясының салдарын еңсеру жөніндегі Үкіметтің шараларымен таныстырды. Ол Дүниежүзілік банк басшылығына COVID-19-ға қарсы күресте көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық бағыттар бойынша сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.