Қазақстан құрамасы «Aphrodite Cup 2026» турнирінде жоғары нәтиже көрсетті

Қазақстан құрамасы «Aphrodite Cup 2026» турнирінде жоғары нәтиже көрсетті

Афина, 2026 жылғы 22 наурыз - 2026 жылғы 20-22 наурыз аралығында Грекия астанасында көркем гимнастикадан XI халықаралық «Aphrodite Cup 2026» турнирі өтіп, оған 38 елдің спортшылары қатысты.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша 17 медаль (оның ішінде 9 алтын, 5 күміс және 3 қола) жеңіп алды.

Жекелей бағдарламаларда қазақстандық гимнастшылар 10 медальға (3 алтын, 4 күміс және 3 қола), ал топтық жаттығуларда 7 медальға (6 алтын және 1 күміс) ие болып, жеке және командалық шеберліктің жоғары деңгейін растады.

Қазақстандық спортшылардың өнер көрсетуі Грекияда тұратын отандастардың, сондай-ақ жарысқа келген қазақстандық студенттер мен туристердің белсенді қолдауымен өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшілігі қатысты. Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Сұлтанғожин турнирге қатысып, марапаттау рәсімінде қазақстандық спортшыларға медальдар табыстады.

Осыған байланысты жарыс аясында Қазақстан Республикасының Елшілігі Наурыз мерекесіне орай мәдени іс-шара ұйымдастырды. Турнир қонақтары мен қатысушыларына қазақтың ұлттық мәдениетінің элементтері, оның ішінде дәстүрлі киімдер мен ұлттық тағамдар ұсынылды. Бұл бастама іс-шара қонақтарының қызығушылығын тудырып, Қазақстанның мәдени мұрасын шетелде ілгерілетуге ықпал етті.

«Aphrodite Cup 2026» турнирінде Қазақстан құрамасының табысты өнер көрсетуі отандық көркем гимнастика мектебінің жоғары әлеуетін айқын көрсетті, сондай-ақ Қазақстан мен Грекия арасындағы спорттық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға өз үлесін қосты.