
Афина, 2025 жылғы 19 қараша – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Александра Пападопулумен кездесу өткізді. Оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты.
Тараптар Қазақстан мен Грекия арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара бейілділігін растап, 2024 жылғы қарашада Бакуда өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы СОР-29 шеңберінде Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Грекия Премьер-министрі Кириакос Мицотакис арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру контексіндегі өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларына ерекше назар аударды. Әңгімелесушілер жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда жүйелі түрде орындаудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында екіжақты шарттық-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру және үкіметаралық және ведмоствоаралық тетіктердің жұмысын жандандыру мәселелері қаралды. Сонымен бірге биік және жоғары деңгейдегі алдағы өзара сапарларға қатысты жоспарлар талқыланды. Бұл сапарлар Қазақстан мен Грекия арасындағы саяси диалог пен практикалық ынтымақтастыққа қосымша серпін беруге бағытталған.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті, оның ішінде екі елдің іскер топтарының тікелей байланыстарын дамыту және бірлескен инвестициялық жобаларды алға жылжыту мүмкіндіктері қарастырылды. Бұдан бөлек мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету, білім және туризм салаларындағы алмасуларды кеңейту перспективалары талқыланды. Бұл шаралар Қазақстан мен Грекия халықтары арасындағы өзара түсіністікті және достықты нығайтуға жәрдемдеседі.