Грекия Қазақстанмен аграрлық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Грекия Қазақстанмен аграрлық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Ларисса, 2025 жылғы 2 қазан – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин 300 астам бизнес-қауымдастықтар, мемлекеттік органдар, кәсіпкерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілері мен кооперативтердің өкілдерін жинақтаған «Thessaly AgriBusiness Forum-2025» халықаралық форумына қатысты.

Өз сөзінде Елші Сұлтанғожин ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының стратегиялық маңызды саласы екенін атап өтті. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агросекторды технологиялық, ғылыми және инновациялық шешімдерді енгізу, процестерді автоматтандыру және жасанды интеллектті қолдану арқылы экономикалық өсудің негізгі драйверіне айналдыру міндеті тұрғанын жеткізді.

Қазақстанның әлемдегі ең ірі егістік алқаптары мен жайылымдары бар ел ретінде тек шикізат өндіруде ғана емес, сонымен қатар ЕАЭО және көрші мемлекеттердің нарығына шығумен бірге ел аумағында қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуда зор әлеуетке ие екені айтылды.

Елші грек компанияларын бірлескен кәсіпорындар құруға және грек технологиялары мен тәжірибесін пайдалана отырып, Қазақстанда өндірістерді жергілікті деңгейде орналастыру мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды.

Сонымен қатар, Қазақстаннан дәнді дақылдар мен бидайды, сондай-ақ экологиялық таза өнімдерді экспорттауды ұлғайту перспективаларына ерекше назар аударылды. Сауда байланыстарын дамыту үшін логистикалық бағыттар мен инфрақұрылымды, соның ішінде Орта дәлізді жетілдірудің маңызы атап өтілді.

Фессалия өңірінің губернаторы Димитриос Куретас өз сөзінде Фессалияны Грекияның «азық-түлік қоржыны» ретінде сипаттап, оның бай аграрлық мұрасы мен Қазақстанмен ынтымақтастықтағы зор мүмкіндіктерін, әсіресе тұрақты даму мен агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту бағыттарында ерекше атап өтті.

Форум аясында Қазақстанның халықаралық имидждік «Born Bold» кампаниясы таныстырылып, елдің серіктестікке ашықтығы мен шетелдік инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ұсынуға дайын екені көрсетілді.