Бүгін, 6 қазан, Қазақстан Республикасы мен Грекия Республикасының арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 33 жыл толып отыр. Өткен онжылдықтарда Қазақстан мен Грекия достық, теңдік және өзара құрмет қағидаттарына негізделген берік әрі өзара тиімді қатынастар орнатты.
Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға ерекше мән береді. Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия, сондай-ақ Қазақстан-грек іскерлік кеңесі нәтижелі жұмыс істеуде. 2024 жылы Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымы екіжақты қатынастар тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жетіп, 2,8 млрд АҚШ долларын құрады.
Көлік-логистика, энергетика, аграрлық және туризм салаларында ынтымақтастықтың болашағы айқындалуда.
Грекиямен өңіраралық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Тараз – Ежелгі Олимпия, Шымкент – Ахарнон, Ақтау – Пирей, Астана – Эллинико-Аргируполи арасындағы тұрақты сапарлар мен ынтымақтастық туралы келісімдер қалалар мен өңірлер деңгейінде өзара әрекеттестіктің тұрақты дамуын көрсетеді.
Мәдени-гуманитарлық байланыстар екі ел арасындағы қарым-қатынастарда маңызды рөл атқаруды жалғастыруда. Қазақстаннан тарихи отанына оралған этникалық гректер мен елімізде тұратын грек диаспорасы – достық пен өзара түсіністіктің маңызды тірі көпірі болып табылады.
33 жылдық ынтымақтастық барысында қол жеткізілген нәтижелер Қазақстан мен Грекияның әріптестікті одан әрі тереңдетуге, өзара іс-қимылдың жаңа перспективаларын ашуға және халықтар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған берік ұстанымын айқындайды.