Пирей, 2025 жылғы 27 қыркүйек – Қазақстанның Грекиядағы Елшілігі Пирей қаласында өткен гастрономиялық фестивальде ұлттық асхананы елдің мәдени мұрасы арқылы таныстырды.
Дәстүрлі киіз үймен безендірілген қазақстандық мәдени-гастрономиялық бұрыш фестивальдің ең жарқын тұстарының біріне айналды. Қонақтар қазақ кулинарлық дәстүрінің байлығымен танысып, ұлттық тағамдар мен тәттілерден дәм татып, сондай-ақ этникалық әшекейлер мен ұлттық атрибуттар толықтырған дала рухын сезіне алды.
Келушілердің ерекше қызығушылығын ұлттық тағамдар дегустациясы тудырды. Қонақтарға әр тағамның құрамы мен символикасы, отбасы дәстүрі мен мерекелік мәдениеттегі орны туралы айтылып, қысқа әңгімелер мен дайындыққа қатысты практикалық кеңестер ұсынылды. Іс-шараға ұлттық әуендер мен халық әндері ерекше рең беріп, қазақстандық мәдениеттің даралығын шынайы жеткізді.
Жыл сайынғы Пирей гастрономиялық фестивалі 800-ден астам қатысушы мен қонақты әр елден жинап, халықаралық асхананы және мәдени алуандықты біріктіреді. Қазақстанның қатысуы елдеріміз арасындағы мәдени диалог пен өзара қызығушылықты нығайтудағы тағы бір маңызды қадам болды.