Президент Жолдауы аясында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін Афинада таныстыру өтті

Президент Жолдауы аясында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін Афинада таныстыру өтті

Афина, 2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстанның Грекиядағы Елшілігінде Қазақстан мен Грекия арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына арналған конференция өтті. Қазақстан-грек іскерлік кеңесі және «NOTICE Content & Services» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл іс-шара грек іскерлік қауымдастығына Қазақстанның инвестициялық және экономикалық әлеуетін таныстыруға, сондай-ақ екіжақты әріптестіктің жаңа бағыттарын талқылауға алаң болды.

Талқылауға Грекия мемлекеттік органдарының, іскерлік бірлестіктері мен екі елдің компанияларының өкілдері қатысты. Қатысушыларға Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Султанғожин, Enterprise Greece өкілі және Қазақстан-грек іскерлік кеңесінің тең-төрағасы Томас Ламнидис сөз сөйледі. «Kazakh Invest» компаниясының Еуропадағы өңірлік өкілі Улбосын Сарыбаева шетелдік инвесторларды қолдау тетіктері мен Қазақстандағы өзекті инвестициялық мүмкіндіктер туралы шолуын ұсынды.

Қатысушылардың ерекше назарында Президент Қ.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауының негізгі қағидаттары болды – цифрландыру мен инновациялық дамуды, экономиканы әртараптандыруды, елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруды, көлік-логистикалық және энергетикалық инфрақұрылымды дамытуды, сондай-ақ саяси реформаларды тереңдетуді көздейтін мәселелер.
Елші Қазақстанның жоғары технологиялық жобаларға, білім трансферіне және грек серіктестерімен бірлескен бастамаларға бағытталған ынталандырулар мен кешенді қолдау көрсетуге әзірлігін атап өтті, әсіресе ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергетика, АКТ, фармацевтика және туризм салаларында. Іс-шара аясында қатысушыларға халықаралық «Born Bold» кампаниясы таныстырылды.

Конференцияға қатысушылар бизнес пен мемлекет арасындағы тікелей диалогтың маңыздылығын атап өтіп, өткен талқылау Қазақстан мен Грекия арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мен әртараптандырудың берік негізі боларына сенім білдірді.