Қазақстан мен Грекия дипломатия саласындағы академиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Грекия дипломатия саласындағы академиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Афина қаласы, 2025 жылғы 17 шілде — Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекия Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының директоры, Елші Майкл-Христос Диамессиспен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Грекияның сыртқы істер министрліктері арасында 2022 жылы Астана қаласында қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандум аясында дипломатиялық кадрларды даярлау және кәсіби алмасу саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Әсіресе, академиялық бағдарламаларды ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық академияларының құрылымы мен функцияларын қарастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Елші Қазақстан Республикасындағы кәсіби оқыту жүйесінде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жаңа тәсілдерге тоқтала отырып, қазақстандық дипломаттарды даярлаудың негізгі аспектілері туралы баяндады.

Тараптар институционалдық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілік танытып, өзара тағылымдамалар ұйымдастыру, шақыртылған дәрістер өткізу, дөңгелек үстелдер мен өзге де білім беру іс-шараларын өткізу мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген келісімдер Қазақстан мен Грекияның дипломатиялық қызметтері арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға және тұрақты кәсіби байланыстарды дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

 

Қазақстан Республикасының Грекиядағы Елшілігі